Сенатор Д.Қ. Қыдырәлі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі Хатшылығының ХХІ отырысына қатысты.
Бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі Хатшылығының ХХІ отырысы өтті. Онда әлемнің 23 елінен келген дін лидерлері мен өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінде қабылданған Декларациядағы мақсат-міндеттердің іске асырылу барысын талқылады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Съездің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бекітілді. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен іс-шараға ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, синтоизм және тағы басқа діндер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.