Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Дархан Қыдырәлі Сенаттың жұмысы және елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы Түркістан облысының тұрғындарына айтып берді

04.01.2024 163

Сенатор Дархан Қыдырәлі Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесті. Депутат Тұрар ауылындағы қазіргі заманғы жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуына қатысты. Бұл нысан мемлекет басшысының ауылдардағы әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ашылған болатын.

Сенатор сапар барысында аудан басшылығымен, мәслихат депутаттарымен, зиялы қауым өкілдерімен, ардагерлермен және «Шамшырақ» аудандық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы ұжымымен кездесті. Дархан Қыдырәлі кездесулерге қатысушыларды Мемлекет басшысының жақында жарияланған сұхбатының негізгі тұжырымдары, жүргізіліп жатқан реформалар мен Парламент қабылдап жатқан заңдар туралы хабардар етті. Сондай-ақ өңірдің өзекті мәселелері туралы құлағдар болды.

Кездесулер барысында аграрлық секторға, соның ішінде сумен жабдықтауға, субсидия мен лизинг алуға, мал азығына қатысты мәселелер талқыланды. Сенатор жүздесу барысында айтылған өзекті мәселелер Палатаның алдағы жұмысы барысында егжей-тегжейлі талқыланатынын атап өтті.

Сенатор сонымен қатар Халықаралық қазақ-түрік университетінің басшылығымен кездесті және Т.Рысқұлов ауылындағы жаңа мектептің құрылысымен танысты.

 

Бөлісу