Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Түркістан облысында ауылдағы интернет мәселесін тұрғындармен бірге талқылады

05.01.2024 155

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Қыдырәлі, Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатыбалдиев Түркістан облысындағы Қазығұрт және Сайрам аудандарының зиялы қауымымен, бизнесмендерімен, облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен, фермерлермен, еңбек ардагерлерімен және жастармен кездесті.

 

Депутаттар кездесу барысында еліміз Президентінің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатындағы негізгі тұжырымдардың маңыздылығын талқылады. Сенаторлар Палата атқарған жұмыстар туралы хабардар етті және тұрғындармен сұрақ-жауап түрінде өңірдегі маңызды мәселелерді шешу жолдарын саралады.

 

Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға, оны импорттау жолдарын оңтайландыруға, жайлы және біркелкі үлгідегі мектептер салуға, аудан тұрғындарын интернетпен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді жақсартуға байланысты мәселелерді көтерді.

 

Сенаторлар өз кезегінде маңызды мәселелер ұдайы назарда болатыны және олар жауапты министрліктерге жіберетіні туралы айта келіп, айтылған ұсыныстар жұмыс барысында пайдаланатынын атап өтті.

 


Бөлісу