Сенаторлар: АЭС электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандырады
Сенаторлар Әли Бектаев, Дархан Қыдырәлі, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиев Түркістан облысындағы Созақ ауданында болып, уран өндіруші кәсіпорындарға арналған металл конструкцияларын өндіру зауытының қызметкерлерімен кездесті.
Одан кейінгі кездесу орталық аудандық ауруханада өтті. Емдеу мекемесінде 60 мыңға жуық адамға қызмет көрсетіледі. Аурухананың дәрілерлері қазіргі заманғы медициналық технологияларды пайдалана отырып, науқастардың қажетін қанағаттандыратын және аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға ықпал ететін жоғары сапалы көпсалалы қызметтерді ұсынып келеді.
«Президент өз Жолдауында біздің экономикамыз жыл сайын энергияны көбірек қажет ететінін атап өтті. Атом энергиясы бұл сұранысты қанағаттандыра алады. Қазіргі уақытта әлемнің 30 елінде 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істейді. Қазақстанда АЭС салу 5 жылдан 10 жылға дейін созылады және еліміздің экономикалық әлеуетін едәуір арттыра отырып, көптеген жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді», - деді Дархан Қыдырәлі.
Толығырақ: https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/11826