Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қостанай облысы тұрғындарымен тұрғын үй саясатын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін талқылады

05.01.2025 172

Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Сенат депутаты Б.Б. Аққожина арнайы киім, арнайы аяқ киім және ортопедиялық жастықтар өндіруге маманданған отандық «Азурит» компаниясының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында депутат компанияның өндірістік процесі мен жетістіктерімен танысты. Өнім сапасын қамтамасыз ету және отандық өндірушілерді қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Компания ұжымы жеңіл өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнес үшін жағдайды жақсарту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Сенатор сұранысқа ие өнім шығарып қана қоймай, сонымен қатар жұмыс орындарын ашып, жергілікті экономиканы қолдап, аймақтың экономикалық дамуына үлес қосып келе жатқан кәсіпорынның маңыздылығын атап өтті.

Депутат сонымен қатар отандық өндірушілер үшін мүмкіндіктер жасаудың маңыздылығына назар аударып, мемлекеттің өзекті мәселелерді шешуге, оның ішінде заңнамалық базаны жетілдіру арқылы жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті. Кездесу саланы одан әрі дамыту жолдарын және бизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылын сындарлы талқылауға мүмкіндік беретін ашық диалог форматында өтті.

Бөлісу