Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қостанай облысының Рудный қаласында сенатордың қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуі өтті

05.01.2025 167

Қостанай облысының Рудный қаласында сенатордың қалалық мәслихат депутаттарымен кездесуі өтті. Талқылаудың өзегінде тұрғын үй саясаты, моноқалалардың ерекше мәртебесі, оның ішінде олардың даму болашағы мәселелері болды.

Жиында тұрғын үй бағдарламаларын іске асыруға, соның ішінде жас отбасыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге баса назар аударылды. Сенатор мен депутаттар өңір жастарына тұрғын үй сатып алу үшін несие беруге бағытталған «Қостанай жастары» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігін арттыру тетіктерін талқылады.

Сонымен бірге, Б.Б. Аққожина қала құраушы кәсіпорындар экономикада шешуші рөл атқаратын моноқалаларды мемлекеттік қолдау қажеттілігіне айрықша көңіл аударды. Сенатор талқылау нәтижелері Сенаттың алдағы заң шығару жұмысында да көрініс табатыны жайлы атап өтті.

Бөлісу