Өңірлерге жұмыс сапары барысында Сенат депутаты Б.Б. Аққожина Қостанай облысының Қарабалық ауданына барды
Өңірлерге жұмыс сапары барысында Сенат депутаты Б.Б. Аққожина Қостанай облысының Қарабалық аудандық аурухана ұжымымен кездесті. Талқылаудың негізгі тақырыптары жергілікті жердегі денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі, денсаулық сақтау саласын дамытудың мәселелері мен келешегі болды. Әңгімелесу барысында ауылдық жерлердегі тұрғындарға қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсетуде аудандық ауруханалардың шешуші рөлін атап өтті. Медицина қызметкерлері күнделікті тәжірибеде орын алатын өзекті мәселелерді, соның ішінде еңбек жағдайларын жақсарту қажеттілігіне назар аударды. Сондай-ақ ауданға жас мамандарды тартудың маңызы да талқыланды.
Денсаулық сақтау саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін медицина қызметкерлерінің кері байланысы маңызды екені атап өтілді. Кездесу соңында дәрігерлердің жұмыс жағдайын жақсарту және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігі басым міндеттердің қатарында қалатыны айтылды. Сондай-ақ Қарабалықтағы «Жылу» МҚК-на барып, жергілікті тұрғындарды жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорынның жұмысымен танысып, басшылық және қызметкерлермен Президент Жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы өткізілетін маңызды шаралар туралы, энергия тиімділігін арттыру, жабдықты жаңғырту мәселелері талқыланды.