Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Аққожина Б.Б. Қостанай облысы Федоров ауданына өңірлерге шығу аясында жұмыс сапарымен барды

06.01.2025 154

Сенат депутаты Аққожина Б.Б. Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Пешков арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Сапар барысында мекеме қызметімен, 175 қамқорлықтағы адамдардың тұру және оңалту жағдайларымен танысып, басшылық және ұжыммен әлеуметтік саланы дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Орталықтың материалдық-техникалық базасын жақсарту, сапалы медициналық және әлеуметтік қызметтер көрсету тақырыптары қозғалды. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау мемлекеттің әлеуметтік саясатының аса маңызды элементі болып табылатыны атап өтілді.

Сондай-ақ Қостанай облысы Федоров ауданы Федоровка кентінде Отбасы банк бағдарламасы бойынша жаңадан салынып біткен 24 пәтерлі тұрғын үйді аралап, азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін іске асырылған тұрғын үй кешенімен танысты. Бағдарлама азаматтарға, әсіресе жас отбасыларға қолжетімді ипотекалық шарттар арқылы өздерінің баспана туралы армандарының орындалуына қалай көмек беретіндігіне ерекше назар аударылды. Бұл тұрғын үйде 1 шаршы метрдің құны 320 мың теңге, ал сатып алушылар үшін бағасы облыстық бюджеттен 140 мың теңге субсидия есебінен 180 мың теңге құрайды. Мұндай жобалар тұрғын үй мәселесін шешу және өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.

 

Бөлісу