Сенат депутаты Б.Б. Аққожина Астана қ. Ө. Жәнібеков атындағы № 11 мектеп-лицейінің оқушылары алдында сөз сөйледі
Сенат депутаты Б.Б. Аққожина Ө. Жәнібеков атындағы № 11 мектеп-лицейінде болып, жоғары сынып қыз оқушыларымен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында көшбасшылық, кәсіби даму, әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлі, сондай-ақ мақсаттарға қол жеткізудегі білімнің маңыздылығы талқыланды. Мектеп оқушылары көшбасшы үшін қандай қасиеттер қажет, туындаған қияндықтарды қалай жеңуге болатындығы туралы сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
Депутат өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, табандылық, мақсаттылық және тұрақты даму кәсіби және жеке өсу жолындағы маңызды факторлар болып табылатынын атап өтті.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың өз қабілеттеріне деген сенімін дамытуға ықпал етеді. Депутат іс-шараны ұйымдастырғаны үшін мектеп басшылығына алғысын білдіріп, оқушыларға оқуда табыс тіледі.