Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Алматы қаласындағы бірқатар маңызды нысандарды аралады

08.04.2025 146

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес Мемлекет басшысының автомобиль жолдары желісін дамыту мен мегаполистің өнеркәсіптік инфрақұрылымын жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысын зерделеу мақсатында Алматы қаласындағы бірқатар негізгі нысандарды аралады.

Сапар барысында:

- БАКАД жол-пайдалану учаскесінің қызметімен танысып, ситуациялық орталықты және объектінің инфрақұрылымы тексерілді;

- «Алматы» индустриялық аймағына барып, «Hyundai Trans Kazakhstan» өндірістік қуаттарын, автокомпоненттер, мультимедиа және автоорындықтар шығаратын зауыттарды аралады;

 

- Қазақстандағы желдету жабдықтары мен климаттық техника өндірісі бойынша жетекші және еліміздегі жалғыз кәсіпорын «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС-нің жұмысымен танысты;

- «Даму» КДҚ қолдаған кәсіпорындарға, атап айтқанда жылыжай кешені, ет өңдеу және құрылыс зауыттарына барды;

- Жаңа Astana Motors Manufacuring Kazakhstan зауытының құрылыс барысымен танысты, онда Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығару жоспарлануда.

Әрбір кәсіпорын – бұл жұмыс орындары, технологиялар және ел экономикасына қосылатын үлес. Сапар бизнес қауымдастықтың пікірін ескере отырып, инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды одан әрі дамыту және іске асыру  бойынша заң шығарушылық қызмет үшін маңызды ынталандыру болды.

 

Бөлісу