«Жасанды интеллект туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдары бойынша Сенат депутаты Б.Б. Аққожинаның баяндамасы
Құрметті Мәулен Сағатханұлы!
Құрметті әріптестер!
Сіздердің назарларыңызға «Жасанды интеллект туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар ұсынылады.
Бұл заңдар цифрландыру процестерін реттеу, жасанды интеллектті қауіпсіз енгізу және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін заманауи құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған.
Бүгінгі таңда жасанды интеллект, үлкен деректер, блокчейн сияқты заманауи технологиялар институттардың тиімділігін арттырып қана қоймай, ашықтық, инклюзия және тұрақты экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан цифрлық даму саласында тұрақты ілгерілеуді көрсетуде. Стэнфорд университетінің Эй Ай Индекс Репорт есебіне сәйкес, Қазақстан ұлттық заңнаманы жасанды интеллект технологияларын дамытуға бейімдейтін әлемнің үздік 15 елінің қатарына енді.
Қазіргі уақытта бұл салада 11 өңірде 27 университет пен 6 ғылыми институт белсенді жұмыс істейді, зерттеулерге 479 ғалым жұмылдырылған. Бұл сала бойынша 62 жоба іске асырылуда. Жобалардың ең көп шоғырлануы Алматы мен Астанада байқалады, озық өндіріске, цифрлық технологияларға, ғарыш және медицина салаларына ерекше назар аударылады.
Жасанды интеллектті енгізу нормативтік базасыз мүмкін емес. НегізгіЗаң Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект технологияларын реттеу үшін құқықтық негіз құрайды.
Ол жасанды интеллектті қауіпсіз және этикалық енгізуді қамтамасыз етуге, жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ инновациялық дамуды ынталандыруға бағытталған.
Заңмен жасанды интеллект жүйелері үш негізгі белгі бойынша жіктеледі: пайдаланушылардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне әсер ету дәрежесі бойынша; шешімдер қабылдауда тәуелсіз болу дәрежесі бойынша; пайдалану режимі бойынша.
Сонымен қатар, Заңда:
- реттеу қағидаттары – заңдылық, ашықтық, адамның басымдығы, деректерді қорғау және қауіпсіздік;
- бұл жүйелер жасаған синтетикалық мазмұнды міндетті түрде таңбалау;
- зияткерлік меншікті реттеу мәселелері;
- жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын жүйелерді құруға тыйым салу көзделген.
Бұдан басқа, Заңда адам мен қоғамды ықтимал қауіпті технологиялардан қорғауға бағытталған қатаң шектеулер бар екенін атап өткен жөн. Мынадай:
1) адамның мінез-құлқын бұрмалайтын және саналы түрде шешімдер қабылдау қабілетін шектейтін немесе зиян келтіретін түпсаналық, манипуляциялық немесе өзге де әдістерді пайдалану;
2) адамға зиян келтіру немесе зиян келтіру қатерін төндіру мақсатында жасына, мүгедектігіне, әлеуметтік жағдайына жеке тұлғаның моральдық және физикалық осалдылығын пайдалану;
3) жеке тұлғалардың немесе адамдар тобының әлеуметтік мінез-құлқының немесе мәлім болған, көзделетін немесе болжанатын жеке қасиеттерінің негізінде оларды бағалау және сыныптау;
4) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұза отырып дербес деректерді жинау және өңдеу;
5) жеке тұлғаларды олардың нәсілі, саяси көзқарастары, діни тиесілілігі жөнінде қандай да бір кемсіту үшін пайдалану мақсатында олардың биометриялық деректері негізінде сыныптау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғаның келісімінсіз оның эмоцияларын айқындау;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жасанды интеллект жүйелерін құру және олардың қызметі нәтижелерін тарату сияқты функционалдық мүмкіндіктердің біріне ие жүйелерді еліміздің аумағында құруға және пайдалануға тыйым салынады.
Сонымен қатар, назарларыңызды Ілеспе Заңға аударғым келеді. Аталған Заң дербес деректерден бастап, цифрлық технологияларды лицензиялауға дейінгі сабақтас салалардағы нормаларды келісуге бағытталған түзетулердің кешенді пакеті десек те болады. Заңда:
- экономиканың түрлі салаларында жасанды интеллект технологияларын қолданудың бірыңғай тәсілдері;
- деректерді автоматтандырылған өңдеу ұғымдарын нақтылау;
- ақпараттық қауіпсіздікке байланысты қызметті лицензиялау;
- контент жасанды интеллект қолдану арқылы жасалғанын көрсету міндеті;
- бөлшек саудада сәйкестендіру құралдарымен тауарларды өткізу кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналары арқылы операцияларды есепке алу көзделген.
Келесі мәселе - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң. Ол жасанды интеллект саласындағы жауапкершілікті белгілеуге ғана емес, сонымен қатар сауда қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, үлестік құрылыс сияқты салаларда қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Атап айтқанда:
- жасанды интеллект саласындағы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді;
- онлайн-сауданы қоса алғанда, сауда қызметіндегі бұзушылықтардың құрамы нақтыланды;
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында жеке және заңды тұлғалардың қаражатын тиісті рұқсатсыз тартқаны үшін, мұндай объектілерді жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі;
- статистика органдарымен хабарламаларды электрондық түрде жіберу мүмкіндігі көзделген.
Қарастырылып отырған үш заң Қазақстанның цифрлық дамуының бірыңғай құқықтық негізін қалыптастырады.
Вместе с тем, были приняты ряд поправок предусматривающие изменения и дополнения в законы «Об искусственном интеллекте» и «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам искусственного интеллекта и цифровизации», принятые Мажилисом Парламента, в том числе направленные на приведение в соответствие с действующим законодательством.
Так, одной из поправок, предусматривается исключение применения только добровольного вида страхования отвественности. Теперь предлагается наряду с добровольной, применять и обязательный вид страхования ответственности за вред, причиненный системами искусственного интеллекта, и рисков, связанных с их использованием в соответствии с законами Республики Казахстан.
Кроме того, Законом, принятым Мажилисом, предусматривалась в случае выявления рисков только минимизация ущерба. Внесенной нами поправкой, собственники и владельцы систем искусственного интеллекта должны принять незамедлительные меры, направленные и на предотвращение ущерба для исключения потенциальных угроз.
Барлық ескертпелер мен ұсыныстар салыстырмалы кестеге жинақталған.
Баяндалғанды ескере отырып, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Жасанды интеллект туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген баптарын мақұлдамауды және аталған баптардың жаңа редакциясын ұсына отырып, заңдарды Мәжіліске қайтаруды ұсынады.
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның тұжырымдамасы бойынша Сенаттың тұрақты комитеттерінен ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.
Жоғарыда аталғанды басшылыққа ала отырып, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады.