Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Жастар саясаты туралы дөңгелек үстел

07.02.2019 0

М.С.ЖҰМАҒАЗИЕВ                                                                                                                                                                   

 

07.02.2019

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңын іске асыру және Жастар жылын өткізу аясында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың алдында тұрған міндеттер туралы»  дөңгелек үстел

 

 

1. Мамандық таңдау.

Мектептен басталуы тиіс. 2018 жылы Қазақстанда орта мектепті 125 мыңнан астам жас бітірді. Алғашқы жұмысшы мамандығы. Кезінде мектеп қабырғасында жүргізуші куәлігін алған менің замандастарым қазір сол мамандықпен жұмыс жасап, жетістіктерге жетіп, отбасын асырап, өмірін сол мамандықпен жалғастырып келеді.

Бұл – орта білім беру саласында оқушыларды кәсіпке баулудың нәтижесі. Сондықтан, мектеп қабырғасында кәсіпке бейімдеу жұмыстарын жандандыру қажет.

Түрлі мамандықта оқып жатқан студент-жастар мен мектеп оқушыларының кездесулері.

Мектептегі тәрбие.

Бәріңізге белгілі соңғы уақыттары мектеп оқушылары арасындағы қылмыс қатты алаңдатып отыр. Әрине, оның себептерін тек қана сыртқы теріс әрекеттерден іздеп қою аздық етеді. Мектеп пен отбасы, яғни, мұғалім мен ата-ана арасындағы байланыс өз мәнінде емес.

Қазір шекараны білмейтін әлеуметтік желілер жастар арасына түрлі ақпарат таратуда. Оның бәрі теріс әсер етпей қоймайды. Ағылшынның белгілі номиналисі: «Электроника өледі, қағаз кітап қалады» деген болатын. Сондықтан, баланы жасынан кітапқа үйрету керек.

Қазір мектеп мұғалімдері арасында ер адамдар өте сирек. Әрине, оның түрлі себептері бар. Менің ойымша, мұғалім мәртебесі туралы қабылданатын заң мектептердегі педагогтар құрамына түбегейлі өзгеріс әкеледі деп ойлаймын.

2. Жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары туралы.

Осы орайда аграрлық сала мамандықтары туралы сөз.

Ауыл шаруашылығы саласын тиісті мұқтаж мамандармен (соның ішінде мал дәрігері) қамтамасыз етудің жай-күйі, саладағы мамандардың орта жасы және орташа айлық жалақысы туралы

Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінде 3 жоғары оқу орны (ҚазҰАУ, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) қызмет атқарады. Аталған ЖОО-лар жыл сайын Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне 6,0 мың жас маман даярлап шығарады. Мемлекет жыл сайын аграрлық мамандықтар бойынша оқытуға мемлекеттік гранттар бөледі.

Аталған ЖОО-ларда 24461 студент білім алуда, оның ішінде ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтары бойынша 7705 адам немесе 31,5%. Профессорлық-оқытушылық құрам 1950, сондай-ақ ғылым докторлары – 237, ғылым кандидаттары – 781 және PhD докторлары – 108.

Сондай-ақ, республиканың 23 ЖОО-ларда, сондай-ақ 7 жекеменшік жоғары оқу орнында 14 ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды.

Ауыл шаруашылығы бағытындағы жоғарғы оқу орындарына мамандықтар бойынша білім беру гранттарын бөлу (ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім беру гранттарының саны қаншаға көбейтілді), дуалдық оқу, ЖОО-мен аграрлық сектор арасындағы оқу-практикалық байланыс жағдайы туралы

Адами капиталды дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы гранттар саны өткен жылмен салыстырғанда  20%-ға өсті, ЖОО-ларға академиялық еркіндік енгізілді, ауылдық елді мекендерде міндетті өтеу енгізілуде. 2018-2019 оқу жылында барлық жоғары оқу орындарында техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша жаңа гранттар бағасы 346,6 мың теңгеден 635,8 мың теңгеге өсті.

Жалпы, 2018-2019 оқу жылында ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтарына 3020 білім гранты бөлінді.

Өңірлердегі ауыл шаруашылығы колледждерін қолдау және тәжірибе стансаларының әлеуетін тиімді пайдалану туралы

Өңірлердегі ауыл шаруашылығы колледждерін қолдау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.

Сонымен қатар, «Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына сәйкес қазіргі уақытта «ҰАҒБО» КеАҚ еншілес ұйымдардың жарғыларына қызмет түрлері бойынша өзгерістер енгізеді.

Ауыл шаруашылық  тәжірибе-селекциялық станциялары, тәжірибе шаруашылықтары аймақтық, аумақтық  ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа агротехнологиялар, сорттар,түрлер және флора мәдениеттің әр алуандылығы сынауға және бейімдеуге басым бағытталатын болады. Жетекші халықаралық орталықтармен ынтымақтастық жолға қойылады.

Мамандандыру ҒЗИ және ЖОО өзара іс-қимылда зерттеу нәтижелерінде  өндірістік сынақтарды өткізетін,сондай-ақ олар орналасатын өңірлердің қажеттіліктерімен анықталатын болады.

Ауыл шаруашылығы бағытындағы жоғары және арнаулы оқу орындарын бітірген жас мамандардың қаншасы өндіріске келді немесе жұмыспен қамтылғаны туралы

Жоғарыда көрсетілген Министрліктің жүйесінде 3 жоғары оқу орны (ҚазҰАУ, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) қызмет атқарады. Жалпы ауыл шаруашылығы мен ветеринария мамандықтарын дайындайтын ЖОО жыл сайын Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне 6,0 мың жас маман даярлап шығарады. Мемлекет жыл сайын аграрлық мамандықтар бойынша оқытуға мемлекеттік гранттар бөледі. Министрлікке бағынысты 3 ЖОО-дағы ауыл шаруашылық пен ветеринария мамандықтары бойынша бөлінген гранттар санын келесі кестеден көруге болады.

 

 

2017-2018 оқу жылдары бойынша

 

Бітірушілер барлығы

Жұмысқа орналасқандар

 

ҚазҰАУ

ҚАТУ

БҚАТУ

ҚазҰАУ

ҚАТУ

БҚАТУ

Бакалавриат

736

473

817

764

538

146

Магистратура

193

161

45

146

151

18

Докторантура

51

13

9

33

9

2

Барлығы

980

647

871

944

698

166

Барлығы 3 ЖОО бойынша

2498

1808

Қазір осы мал дәрігерлік мамандықта қызмет жасап жүргендердің орташа жасы 50-дің үстінде және жалақы мөлшері де 50-60 мың теңге аралығында. Осы жағдайды көріп, университет қабырғасынан енді шыққан жастардың ауылға барып еңбек етуге аса қызығушылығы жоқ. Демек, жастарды ауылға тартудың неғұрлым тиімді жолдарын қарастыру керек.

 

Сондықтан, негізгі мақсат: «Білім – Ғылым – Өндіріс» болу керек. Сонда ғана инновациялық білім мен инновациялық инфрақұрылым дамып, жоғарғы оқу орындарында корпоративтік орта құрылады.

Бүгінгі талап, жоғарғы оқу орындарына қойылып отырған мақсат – жоғарғы оқу орнын бітіретін жас мамандарды инновациялық экономикаға бейімдеу.

Аграрлық институттар оқу бағдарламаларын мемлекеттік стандарттармен қатар, қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып, жоғары өнім алып жүрген шаруашылықтардың сұранысын ескере отырып жоспарлауы керек. Сол кезде өндіріс пен оқу орнының арасында тығыз байланыс орнайды.

Тағы бір ескеретін мәселе – студенттердің жоғарғы курстарда өтетін практикаларға барғанда ол қай салада, қандай мамандық бойынша жұмыс жасайтынын білуі керек. Сол сала бойынша қазіргі заманғы технологияны қолданатын шаруашылықта практикадан өтіп, соған байланысты дипломдық жұмыстарын дайындап, магистратурадан өтіп, кандидиттық және докторлық диссертациясын қорғаса білікті маман ретінде тәжірибе жинақтаған болар еді. Сонымен бірге, өз саласында ғылыммен жетік қаруланған маман болуына сенімді негіз қалайды. Мұндай маман ғылымда да, тікелей өндірісте де теория мен практиканы сәтті ұштастыра білетін тұлға ретінде қалыптасады.

Қазір жоғарғы оқу орындарына қарағанда аграрлық сектордың материалдық-техникалық базасы едәуір озық. Ауыл шаруашылығында қазіргі заманғы технология пайдаланылуда.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымды дамытып, жергілікті жерлердің кадрлық әлеуетін күшейту керек. Осыған орай «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына енгізілетін мамандықтардың тізімін кеңейту ұсынылады. Көшіп барғаны үшін төленетін жәрдемақы мөлшерін 70-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруға Үкіметке тапсырма берілді. Жастарды ауыл шаруашылығымен айналысуға қызықтыра білу қажет. Елбасы Жастар жылының ашылу салтанатында осы мәселелерді атап көрсетті.

Тәуелсіздік жылдарында 2,8 миллион жоғары білімді маман даярланды. Егер 1991 жылы жоғары білімі бар жастардың саны 42 мың адам болса, 2018 жылы 150 мыңнан асты. Халықтың білім деңгейінің жоғары болуы елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып саналады. Осыған байланысты жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру және студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, бес әлеуметтік бастама аясында 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 мың грант бөлінді. Бұдан бөлек, 2022 жылдың аяғына дейін 70 мың орындық студенттік жатақхана құрылысын салу қарастырылған.

Студенттер қауымы жәй ғана романтика емес, еріктілік пен қайырымдылықтың қуатты ресурсы деп санаймыз.

Бөлісу