Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

21.12.2020 0

Құрметті әріптестер!

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Парламенттің бір топ депутаты бастамасымен нотариат институтын одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.

Заң жобасымен нотариаттық қызметтің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін регламенттейтін ережелер, соның ішінде негізгі қағидаттарының бірі нотариаттық құпияны бұзғаны үшін жауаптылық егжей тегжейлі регламенттеледі.

Бұдан басқа нотариаттық қызметті цифрландыру нотариаттық іс-әрекеттердің жеделдігін, ашықтығын, заңдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және құжаттарды рәсімдеуді жеңілдетеді.

Заң жобасы тұжырымдамасы бойынша заң жобасын әзірлеушілерінің бірі Сенат депутаты Сүлеймен Ляззат  Жаңылысқызы толық баяндады.

Жұмыс тобының отырысында жан-жақты талқыланды. Комитет депутаттарынан ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Құрметті әріптестер! Заң жобасын қолдап бас комитетке оң қорытынды жолдауды сұраймын.

 

Бөлісу