Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»

19.05.2021 0

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы Келісімге 2019 жылғы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды.

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында ғарышты игеруде белсенді іс-қимылымен ерекшеленіп, бүгінде осынау табысты саланы халықаралық деңгейде қарқынды дамытуда.

Стратегия-2050-де белгіленген бағыттар бойынша, 2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығындағы өз тауашасын кеңейтіп, басталған бірқатар жобаларды қисынды аяқтауға дейін жеткізуге тиіс.

Ұсынылып отырған Заң жобасының мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мүддесіне орай «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі өзара бірлескен қызмет аясында тиімді ынтымақтастықты дамыту.

Келісім шарттары «Байқоңыр» айлағын Ресей тарапымен пайдалану тәртібін реттеуді, сонымен қатар «Байқоңыр» кешенінің барлық тұрмыс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Заңды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды. 

Бөлісу