Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

15.12.2021 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы заңнаманы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңы жобасының ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Түзетулер ҚР үш кодексіне және төрт заңына енгізіледі.

ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабына (екі және одан да көп жануарларға, адамдар тобына, адамдар тобына қатысты алдын ала сөз байласу бойынша бірнеше рет, жас баланың қатысуымен, жария түрде немесе БАҚ-ты немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған мертігуге, қырылуға әкеп соққан қатыгездікпен қарау) санкцияларды ұлғайту жолымен жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер көзделген-120-дан 200 АЕК-ке дейін, қамауға алу мерзімі 30-дан 50 тәулікке дейін, 2 жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретін кеңейту ұсынылады.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңында жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту жолымен жануарларды аулау, ұстау және жансыздандыру мәселелерін реттеу ұсынылады.

Басқа кодекстер мен заңдарға заң жобасының жаңа нормалары ескеріле отырып, заңдық сипаттағы түзетулер енгізілді.

Заң жобасын қабылдау теріс экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарларға әкеп соқпайды.

Бөлісу