Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Ершов
Сергей
Михайлович

Қарағанды облысынан сайланған.

1960 жылы 11 сәуірде дүниеге келген.

Меңдерген тілдері: орыс, сәл ағылшын. Белсенді түрде қазақ тілін үйренуде.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Алматы сәулет-құрылыс институты (1982)

Құрылысшы инженер

Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы

Еңбек өтілі:

Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен, аға лейтенант.

Еңбек жолын СЕНУ-25 «Алма-ата үй құрылыс» тресінің бригадирі болып бастаған.

1985 жылдан бастап Комсомол комитеті хатшысының орынбасары, Калинин аудандық комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді.

1989-1990 жж. Қазақстан комсомолы Орталық Комитеті Студенттік отрядының республикалық штабы командирінің орынбасары

1990-1992 жж. Қазақ КСР Мәдени дамуының техникалық-коммерциялық орталығы директорының орынбасары.

Бірнеше жыл бизнеспен айналысты.

1995 жылдан 2014 жылға дейін «Қазақмыс» АҚ құрылымында жұмыс істеді, әр түрлі басқарушылық қызметтер атқарды.

2012 жылы Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі болып сайланды;

2014 жылдан бастап Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (10.2014 ж. бастап), Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (17.10.2014 ж. бастап), Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті (04.09.2017ж. бастап), Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (03.09.2020 ж. бастап).

Партияға қатысы: «Amanat» партиясының мүшесі.