Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Мәскеуге ресми сапар 23-24 қазан, 2019 жыл

24.10.2019 0

 

Комитет төрағасы М.А.Құл-Мұхаммед ағымдағы жылдың 23-24 қазан аралығында Сенат Төрағасы Д.Н.Назарбаева бастаған Парламент делегациясымен бірге Ресей Федерациясында ресми сапармен болды.

Іссапардың бірінші күні Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы В.И.Матвиенкомен болған кездесуде Қазақстан тарапы шекара маңы ынтымақтастығы проблемасына тоқталды және Қазақстан мен Ресей арасындағы өткізу пункттерінің мәртебесін арттыруды, сондай-ақ Орал өзенінің мәртебесі туралы мәселені қарауды ұсынды.

Сол күні Александров бақшасындағы Белгісіз солдат зиратына гүл шоқтарын қойып, "Басқарудың жаңа технологиялары" орталығын аралады. Онда сенаторлар ресейлік "Белсенді азамат", "Біздің қала" жобаларымен, электрондық мемлекеттік қызметтер және Мәскеу Үкіметінің краудсорсинг-жобаларымен танысты. Сонымен қатар, қазақстандық делегация Қазақ КСР ескі павильонының орнына қалпына келтірілген ВДНХ-дағы "Қазақстан" павильонына барды.

Келесі күні сенатор М.А.Құл-Мұхаммед Сенат Төрағасы Д.Н.Назарбаеваның Ресей Премьер-Министрі Д.А.Медведевпен кездесуіне қатысты. Ресей тарапынан Федерация Кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко, Мәдениет министрі Владимир Мединский, Экономикалық даму министрінің бірінші орынбасары Михаил Бабич және басқа да ресми тұлғалар қатысты. Әртүрлі бағыттар бойынша одан арғы екіжақты өзара қатынастар, сондай-ақ екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Бөлісу