Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Мусин
Дүйсенғазы
Мағауияұлы

1957 жылы 15 шілдеде Семей облысының Жарма ауданы Ильинка ауылында туған.

1974 жылы Жарма ауданының Георгиевка ауылындағы Абай атындағы орта мектепті бітірді.

1979 жылы Алматы қаласындағы «Еңбек Қызыл Ту орденді қазақ ауыл шаруашылығы» институтын агроном мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1979 жылдан 1985 жылға дейін В.И. Ленин атындағы ұжымшардың тұқым өсіруші-агрономы, бас агрономы (Семей облысы, Жарма ауданы Игоревка ауылы).

1985 жылдың қыркүйек айынан 1988 жылдың мамыр айы аралығында Жарма ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.

1988 жылы Қазақстан Ленин комсомолы атындағы асыл тұқымды кеңшар директоры.

1993 жылдан «Қалбатау» асыл тұқым зауыты» АҚ - ның басқарма төрағасы.

1996 жылдан консультант, Алматы қаласындағы "Алтай" ЖШС Бас директорының орынбасары.

1997 жылдан «Қалбатау» асыл тұқым зауыты» ААҚ-ның басқарушысы, президенті.

1995 жылы Қазақстан шаруалар одағынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды.

Бірнеше рет аудандық және облыстық мәслихаттардың депутаты болып сайланды.

2001 жылғы ақпан айынан ШҚО Жарма ауданының әкімі.

2009 жылғы сәуірінен Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының әкімі.

2014 жылғы желтоқсанынан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2017 жылғы 29 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

2017 жылғы 4 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі.

 Қоғам мен мемлекет алдында сіңірген еңбегі үшін Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, сондай-ақ көптеген медальдармен марапатталған. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері».

Жұбайы Бақытгүл Мұстафинқызымен екі бала өсіріп, немерелерін тәрбиелеп отыр.