Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

08.12.2020 0

Заң жобасы табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған және төтенше жағдай енгізу кезінде елді азық-түліктік астықпен кепілді түрде қамтамасыз ету мәселесін реттеу, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының астықтың резервтік қорын сақтау шығындарын өтеу, оның АӨК-дегі мәртебесі мен рөлін айқындап, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. 

Заң жобасындағы толықтырулар ішкі астық нарығына реттеушілік әсер етіп, өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдесу арқылы халықты қолжетімді астық өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сонымен қатар, астықтың резервтік қорын сақтау үшін республикалық бюджеттен жыл сайын 2,4 млрд. теңге көлемінде қаржыландыруды талап етеді.

Бөлісу