Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды тарнсшекаралық өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша қолдау білдіру баяндамасы

10.03.2022 0

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті әріптестер!

 

 

Ратификациялауға ұсынылған Келісімнің мақсаты  - 1989 жылғы 22 наурыздағы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясында көзделген халықаралық міндеттемелерді орындай отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасау.

Бұл халықаралық шартОдаққа мүше мемлекеттер арасында қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізудің бірыңғай тәртібін қолдану, оларды экологиялық негізделген түрде жою, қайта өңдеу мен қоршаған ортаның ластануын болдырмауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қолданыстағы Экологиялық Кодекс нормаларына сәйкес, ел экономикасының сапалы өсуі – экологиялық жағдайға теріс ықпалын барынша азайтуға негізделуге тиіс және бұл талап бүгінде қоғам алдындағы өзекті міндеттердің бірі.

Сондықтан да, аталған Келісімнің қабылдануы – маңызды, уақытылы және негізделген деп айтуға болады.

Сонымен қатар, Келісім - Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде үшінші елдермен сау­дада тарифтік емес реттеу шаралары қол­да­нылатын қауіпті қалдықтарды трансше­ка­ралық өткізуге байланысты қатынастарды да реттейді.

Жалпы, Заң жобасы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізуді реттеудегі және қоршаған ортаны қорғаудағы Тараптардың құқықтық ынтымақтасуына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық интеграцияны одан әрі дамытуға ықпал етері сөзсіз.

 

Құрметті әріптестер!

 

Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, қаралып отырған Заң жобасын қолдаймын және Сіздерді де қолдауға шақырамын.

Бөлісу