Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» тақырыбындағы Параламенттік тыңдауда Үкімет мүшелеріне сұрақ

20.05.2022 0

Менің сұрағым, Ақпарат және қоғамдық даму,   Білім және ғылым, Ұлттық экономика Министрліктеріне жолданады:

 

Жастар – мемлекеттің  басты стратегиялық ресурсы болғандықтан, Жаңа Қазақстан жаңғыруының  негізі екендігі айқын.

Бұл бағытта, мемлекет тарапынан  түрлі қолдау шаралары қолға алынып жатқанымен, түйіткілді мәселелер де баршылық.

Мысалы, жастарға қатысты миграция процестеріне талдау - көші-қон ағынында теңгерім жоғын көрсетіп отыр.

Өздеріңізге белгілі, урбанизациямен қатар,  жастардың негізгі тартылыс орталығы - Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, ал қалған өңірлердің бәрі дерлік мегаполистердің доноры болып қалуда.

Бұның салдарынан, аталған қалаларда студенттер үшін жатақхана тапшылығы өткір туындап, жалдамалық пәтер құны негізсіз өсуде.

Осы орайда, әлеуметтік ауыртпалықты азайтудың қандай жолдары қарастырылуда? Бұл бірінші мәселе.

 

Екінші, Білім және ғылым министрлігінің деректеріне сәйкес, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 11 525 жастарымыз «Болашақ» стипендиясымен шетелде білім алған.

СҰРАҚ:

Олардың қаншасы елге оралмады, қаншасы ауылдық елді-мекендерде, аудандарда және  облыс орталықтарында жұмыс жасауда?

 

Үшінші, «Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша 2009 жылдан бері 125 мың маманға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға бюджеттен 137,6 млрд теңге несие берілген.

Осы орайда, жобаның стратегиялық тұрғыдан тиімділігі және шалғайдағы, әсіресе шекара аймақтарындағы елді мекендерге ықпалы қандай?

Оларда халық саны жыл санап азаюына байланысты, бұл мәселені оңалтудың қандай тетіктері қарастырылуда?

 

Төртінші, Елімізде жоғарғы оқу орындарын бітірген қандас жастарымыздың қанша пайызы Қазақстанда тұрақтап қалды, қаншасы кері қайтты, негізгі себебі неде?

 

Бөлісу