Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Хорватия Республикасы сабор комитеті төрағасының орынбасарымен кездесу (24.09.19 ж.)

24.09.2019 271

Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің кеңесі барысында Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Хорватия Республикасы Саборының Денсаулық сақтау және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Иван Челич екіжақты ынтымақтастықты дамыту, саяси үнқатысуларға қарқын беру және экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты өрістету мәселелерін талқылады.

 «Біздің елдеріміздің экономикалары бірін-бірі толықтырады және әріптестік екі тарапқа да пайда әкеле алады. Біздің алдымызда сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейін арттырудың маңызды міндеті тұр», - деп атап өтті О.Перепечина. Сенатор сондай-ақ туризм индустриясын дамыту жөніндегі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға назар аударды.

Хорватия Республикасы Сабор Комитетінің төрағасы Иван Челич Қазақстан Парламентімен тығыз ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. «Біздің Соборда Қазақстанмен парламентаралық достық тобы құрылды. Парламенттік делегациялардың сапарларымен алмасу біздің саяси үнқатысуымызды кеңейтіп қана қоймай, өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынастарды ілгерілетуге мүмкіндік береді», - деді И.Челич.

2020 жылдың бірінші жартысында Хорватия Еуропалық Одақтағы жоғары және жауапты қызметті – төрағалықты алғаш рет қабылдайды.

Сенатор Ольга Перепечина жоғары және жауапты миссияны табысты жүзеге асыруда осы елге тілектестігін білдірді.

Бөлісу