Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Солтүстік Қазақстан облысындағы оқу орындарында болды

05.01.2021 0

Сенатор Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесті.

Қатысушылар аймақ ауылдарындағы ауыз су мен газдың жоқтығын, жолдардың нашар жағдайын, мектептердегі қашықтан оқытудың деңнгейінің төмендігін, интернеттің біркелкі қамтылмауын, жұмыспен қамту, тұрғын үймен, жас мамандармен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасы және білікті медицина кадрларымен қамтамасыз ету деңгейі мәселелерін талқылады.

Депутат С.М.Киров атындағы зауытта да болды. Кәсіпорын 500-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді және қорғаныс өнеркәсібі, теміржол көлігі және компьютерлік техника саласындағы көптеген өнімдерді өндіреді. Ольга Перепечина өнімдермен танысып, еңбек ұжымымен және зауыт басшылығымен кездесті. Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, мемлекеттік сатып алу, өнімнің жаңа түрлерін шығару мүмкіндігі, еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында қойылған барлық өткір мәселелер депутаттың жеке бақылауына алынды.

Сапар басында депутат Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 11 қабатты оқу-зертханалық корпусының құрылыс жұмыстарының барысымен де танысты. Бұл жоба «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жүзеге асуда.

Сенатор құрылыс науқанының өкілдерінен құрылыстың аяқталу мерзімі туралы сұрады. Өйткені білім алушылар санын жоспарланған 10 мыңға дейін арттырған жағдайда студенттер заманауи зертханаларға мұқтаж болатыны белгілі болды. Құрылысшылар жұмысты уақытында аяқтайтынына сендірді.

Депутат басқа қалалардан келген балалардың тұрғын үй қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған басқа да құрылыс объектілері-жатақханаларға да назар аударды. Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды атқарылуда. Қазіргі кезде 244 және 306 орындық 2 ғимарат салынып жатыр. Ал жақын жерде тағы бір жайлы студенттер үйін салу көзделіп отыр.

Ольга Перепечина сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери институтында да болды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери институты өткен ғасырдың ортасында салынған бұрынғы ауыл шаруашылығы техникумының ғимаратында орналасқан. Әскери институттың қызметкерлердің саны 1059 адамды құрайды, оның ішінде 886 курсант бар. Олар казармалары қазіргі кезде апаттық жағдайда болып отырғаны анықталды.

Әскери институт қазіргі кезде ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа казарма салу қолға алынды. Сенатор аталған нысандарда болып, институт курсанттарымен және оқытушылар құрамымен әңгімелесті.

Бөлісу