Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта салықтық әкімшілендіруді оңайлату және жеңілдету мәселелері талқыланды

27.05.2021 0

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары ұлттық экономика және қаржы министрліктерінің басшылығымен, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП өкілдерімен бірлесіп салық саясаты және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселелерін талқылады.

«Экономикалық дамудың әрбір кезеңі салық саясатының тәсілдерін жетілдіруді және қайта қарауды талап етеді. Салық кодексіне оны жеңілдету тұрғысынан тексеру жүргізу қажет», - деді Ольга Перепечина.

Сенатор Ольга Перепечина қазір «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы «Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» заң жобасы әзірленгенін атап өтті.

Депутаттар бұған дейін Үкіметке салықтық әкімшілендіруді түбегейлі оңайлату және жеңілдету бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылғанын атап өтті. Осыған байланысты, кездесуге қатысушылар салық-бюджет саясатын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылады. Атап айтқанда, бірыңғай салықтар мен төлемдер, тегін мобильді қосымша арқылы ЖК үшін салық міндеттемелерін тіркеу мен орындауды жеңілдету, шығыс операцияларының шектеулерін және қойылған инкассалық өкімдерді жылдам алып тастау бойынша ережені енгізу туралы сөз болды.

Сонымен қатар, министрліктер өкілдері салық төлеушілердің проблемаларын шешу туралы есеп берді. Қаржы министрінің орынбасары Марат Сұлтанғазиев «Салық төлеуші кабинеті» электрондық жүйесінің жұмыс істеу қабілетін жақсарту үшін жабдықтар жаңартылғанын және ол бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылар санын 10 мыңнан 150 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бергенін айтты.

Сенаттың салалық комитетінің төрайымы Ольга Перепечина кездесу қорытындысы бойынша өткен шараның және қатысушылар берген материалдарды талдау негізінде заң жобаларына қосымша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік қаралатынын атап өтті.

Бөлісу