Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта республикалық бюджет туралы заң жобасы талқыланды

15.11.2021 157

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобаларын талқылады.

Республикалық бюджет туралы заң жобасы жалпыұлттық басымдықтарды және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын іске асыруға бағытталған. Оның аясында экономиканың сапалы және орнықты өсуін қамтамасыз ету, мемлекет қызметінің инклюзивті тұғырнамасын қалыптастыру, еліміздің әр азаматының әл-ауқатын арттыру жоспарланып отыр.

Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысында еліміздің алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджетіне Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын талқылады. Құжатта Ұлттық қордан бөлінген ақша ынтымақты және базалық зейнетақыны төлеуді қамтамасыз етуге бағытталатыны жазылған.

Комитет мүшелері отырыс қорытындысы бойынша заң жобаларын Палатаның қарауына беру туралы шешім қабылдады.

Бөлісу