Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды

31.05.2022 306

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасарлары Ольга Перепечина және Асқар Шәкіров бастаған Палата депутаттары саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды.

Сенаторлар Ақмол ауылындағы «Қайғы қақпасы» монументіне тағзым етті және лагерьдегі тұтқын әйелдердің есімдері жазылған «Еске алу қабырғасы» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Мұражайдың негізгі залдарында парламентшілерге арналып экскурсия жасалды және жазықсыз сотталған әйелдерінің өмірі туралы фильм көрсетілді.

Кездесу соңында депутаттар мұражайға «Ашаршылық – Голод 1928-1934 ж.ж.» жинағының 5 томын тапсырды.

Бөлісу