Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ольга Перепечина мен Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысындағы кездесулерде проблемаларды тұрғындарымен бірге талқылады

07.01.2024 278

Палата Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен сенатор Әсем Рахметова Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында бірқатар кездесулер өткізді.

Депутаттар қияр өсіруге маманданған жаңа жылыжай кешенінде болды. Аймақ тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған бұл кәсіпорын облыс халқының қиярға деген сұранысының шамамен 30%-ын қанағаттандыра алады. Сенаторлар сонымен қатар Қызылжар ауданында аудандық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен және аудан активімен кездесті. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында еліміздің өңірлерін әлеуметтік-экономикалық одан әрі дамытуға бағытталған негізгі тұжырымдарын талқыға салды. Кездесу барысында аудан орталығында заманауи түрдегі жаңа емхана салу туралы мәселе көтерілді. Депутаттар бұл мәселені жедел шешудің маңыздылығын атап өтіп, оны бақылауға алатынын жеткізді. 

Сенаторлар сонымен қатар Қызылжар ауданындағы №3 Бешкөл орта мектебінде болды. Депутаттар оқу процесінің ерекшелігімен танысты және мұғалімдер қауымымен жүздесті. Сондай-ақ Сенат қызметінің негізгі қорытындылары, елімізде жүзеге асып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы әңгімеледі.

Депутаттар облыс әкімі Гауез Нұрмұхамбетовпен кездесті. Облыс басшысы сенаторларға жыл қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы хабардар етіп, парламентшілерді жылыту маусымы және көктемгі су тасқынына дайындық жағдайымен таныстырды. Сенаторлар өз кезегінде тұрғындай жолдаған хаттарда айтылған бірқатар проблемалық мәселелерге тоқталды және азаматтарды қолдау мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Сенат қабылдаған заңдар туралы хабардар етті.

Бөлісу