Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар: АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

25.09.2024 275

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Перепечина мен Әсем Рахметова Аққайың және М.Жұмабаев атындағы аудандардың тұрғындарымен кездесті. Қазақстанда АЭС салу және алдағы референдум – талқылаудың негізгі тақырыбы болды.

Депутаттар ауыл тұрғындарымен, еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесулер барысында Қазақстанға атом энергетикасының керектігі және оның артықшылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, көмірқышқыл газы шығарындысының деңгейін төмендету есебінен қоршаған ортаға зиян мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

«Атом энергетикасы – Қазақстанның болашағы. Бұл бізге электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандырумен қатар әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті сенатор Ольга Перепечина.

Сенаторлар атом энергетикасы мәселесінен басқа жолдардың жай-күйі, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамыту сияқты әлеуметтік өзекті мәселелерді өңір тұрғындарымен бірге талқылады. Депутаттар айтылған барлық мәселелерді бақылауға алатын болды.

Бөлісу