Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Егемен Қазақстан "Отандық өнімді ілгерілету керек" (25.01.18 ж.)

26.01.2018 155

https://egemen.kz/article/164163-otandyq-oenimdi-ilgeriletu-kerek

25.01.2018 

Отандық өнімді ілгерілету керек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауын жариялаған сәтте біздер – Парламент депутаттары ел өңірлерін аралап, жұртшылықпен кездесулер өткізіп жүрген едік. 

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Мемлекет басшысының жаңа Жолдауын ықыласпен қабылдады. Жұрт­шылықпен кездесу барысында он негізгі міндет аясында өндіріс үдерістерін сандық негізге көшіру арқылы индустрияландыруды өрістету, білім беруді жаңа сипатта дамыту, қаржы секторын қайта қалыптастыру, көлік-логистика инфрақұрылымының тиім­ділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес және тиімді мемлекеттік басқару мәселелері сөз болды.  Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындайтынын, азаматтарымыздың әл-ауқатын одан әрі арттыру бағы­тындағы бастамаларды ауыл тұрғындары ризашылықпен қабылдады. 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 8 пайызға өсті, ал шілдеден бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты орташа алғанда 1,8 есе ұлғаяды. Президент одан басқа, І топтағы мүгедек бала­лардың күтімі үшін олардың ата-аналарына 1 шілдеден бастап мемлекеттік қосымша жәрдемақы енгізуді тапсырды. Бұл өте қажетті қолдау болып табылады.  Мектеп мұғалімдері де еңбекақыны көтеру туралы шешімді қуана қабылдады. 1 қаңтардан бастап мазмұны жаңарған оқу материалдарына көшетін мұғалімдердің лауазымдық еңбекақысы 30 пайызға ұлғаяды және қарқынды дамып келе жатқан экономиканың арқа­сында мемлекетте оған жететін қаржы бар.  Ауыл еңбеккерлері Жолдауда агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының драйвері ретінде атап өтілгенін, бұл сала алдына үлкен міндеттер қойылғанын атап өтті. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту үшін қажырлы еңбек етіп жатқан жергі­лікті өнім өндірушілерге қанат бітіреді. 

Ольга ПЕРЕПЕЧИНА,  Парламент Сенатының депутаты

Толығырақ: 
https://egemen.kz/article/164163-otandyq-oenimdi-ilgeriletu-kerek

Бөлісу