Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

БАҚ-та жариялау - "Сенат депутаттары «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысты"

29.03.2018 191

Egemen Qazaqstan

республикалық газеті» 

https://egemen.kz/article/166654-senat-deputattary-astana-khalyqaralyq-qarzhy-ortalyghynynh-zhumysymen-tanysty

 

 

28.03.2018  ж.

Сенат депутаттары «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысты

Парламент Сенатының Қаржы және бюджет және Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеттері «Астана» халықаралық қаржы орталығында көшпелі отырыс өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.   

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина қаржы саласын «қайта жаңғырту» Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы міндеттердің бірі екенін еске салды.  Сенатор атап өткендей, экономиканы инновациялық дамытуда, азаматтардың әл-ауқатын арттыруда және Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енгізу жолындағы ауқымды істерде «Астана» халықаралық қаржы орталығына ерекше рөл жүктеліп отыр.  «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов депутаттар алдында сөз сөйлеп, «Астана» халықаралық қаржы орталығы: қалыптасу және келешегі» деген тақырыпта таныстырылым өткізді. Шараға қатысушылар отандық қор нарығын одан әрі дамыту, ислам қаржыландыруы, жеке адамдар мен мемлекеттік қор активтеріне халықаралық басқаруды енгізу, сондай-ақ қаржы технологиялары мен қаржы өнімдерін жетілдіру секілді орталықтың стратегиялық бағыттары туралы хабардар етілді. Депутаттар А. Бейсенбаев, С. Еңсегенов, Г. Дүйсембаев, М. Көбенов, Д.Әділбеков, Е. Мұқаев және Б. Шелпеков «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшылығына орталықтың жұмысы, оның қызметін құқықтық және ұйымдастырудағы негізгі мәселелерге қатысты бірқатар сауалдар қойды. Отырысты қорытындылай келіп, Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина біздің елімізге қаржы технологиясы мен инновациялары және инвестиция тартуда «Астана» халықаралық қаржы орталығы ауқымды мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының орталығы атанатынына, келешекте ТМД мен шетел үшін қаржы торабы болатынына сенім білдірді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметін талқылау және отырыс барысында айтылған ақпараттар Сенаттың заң шығару қызметінде пайдаланылатын болады.

Толығырақ: 
https://egemen.kz/article/166654-senat-deputattary-astana-khalyqaralyq-qarzhy-ortalyghynynh-zhumysymen-tanysty
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс.
Авторлық құқықты сақтаңыз!

 

http://lenta.inform.kz/kz/kelimbetov-astana-hko-nyn-bes-strategiyalyk-bagytyn-atady_a3200837

Келімбетов «Астана» ХҚО-ның бес стратегиялық бағытын атады

 

2018 жылдың 28 наурыз 2018 13:01 : 

·          

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты депутаттарының «Астана» ХҚО-ның жұмысымен танысуы барысында Қайрат Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының негізгі бес стратегиялық бағытын атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

 Қайрат Келімбетовтың айтуынша, «Астана» ХҚО-сын аймақтағы басты қаржылық орталық ретінде көрсете білу үшін бес стратегиялық бағытты жүзеге асыру керек.

«Біздің стратегиялық дамудың негізгі бес бағытын, яғни бес басымдықты атап өтейін. Бұл әлемдік қаржы саласында дәстүрлі болғанымен, қаржылық индустрия Қазақстанда аса дамымаған сала. Алдымен - «Капитал нарығы». Оның әдеттегі атауы - Қор нарығы. Демек, Қазақстанда және аймақта қор нарығы дамымағандықтан, «Астана» ХҚО осы саланы өркендетуді мақсат тұтады», - дейді «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы.

Қайрат Келімбетов бұдан кейінгі екі бағыт - «Активтерді басқару» мен «Private Banking» стратегиялық бағыттары екенін атап өтті.
 

«Олар арқылы шетелдік мамандарды, компанияларды тарта отырып, Қазақстанда қаржы индустриясын дамытуды көздейміз. Ірі бағыттардың тағы бірі - «Ислам қаржыландыруы» болмақ. Жалпы, Қазақстан Ислам қаржыландыруының пионері саналады. Заңнамаға енгізілген өзгерістердің арқасында Қазақстан Ислам қаржыландыруы саласында өте үлкен қадам жасап үлгерді. Сонымен қатар, бағыттардың соңы ретінде «Жаңа қаржылық технологияларды» басымдық ретінде белгілеуге ешкімнің таласы жоқ деген ойдамыз», - деп түйді Қайрат Келімбетов.
 

Айта кетсек, бүгін Парламент Сенатының Қаржы және бюджет, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеттері «Астана» халықаралық қаржы орталығында көшпелі отырыс өткізді. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечина экономикалық инновациялық дамуда, азаматтардың әл-ауқатын арттыруда және Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына енгізу жолында «Астана» халықаралық қаржы орталығына ерекше міндет жүктеліп отырғанын атап өтті.

 

Автор: Аян Бекенұлы

 

http://www.aifc.kz/kz/news/150.html

 

28/03/2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығының дамуы мәселелері жөнінде Сенат комитеттерінің көшпелі жиналысы өтті

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) дамуы мәселелері жөнінде АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің, ҚР Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитеті мен Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағалары және депутаттарының қатысуымен Сенат комитеттерінің көшпелі жиналысы өтті.

Отырыс барысында Қ. Келімбетов депутаттарды АХҚО-ның қызметімен таныстырып, оларға Орталықтың қалыптасуы мен келешегі туралы айтып берді. АХҚО Басқарушысы АХҚО-ның органдары ресми түрде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылғандығын атап өтті. АХҚО жанынан Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитет, АХҚО-ның тәуелсіз соты, Халықаралық төрелік орталығы, АХҚО биржасы, Expat Centre өз жұмыстарын бастады.      

АХҚО қызметінің негізгі бағыттары капитал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардың дәулетін басқару, исламдық қаржы, жаңа қаржы технологиялары болып табылады.

Отырыс барысында орталықтың алдағы дамуы, АХҚО-ның Үкіметпен, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, жетекші шетелдік және қазақстандық БАҚ өкілдерімен өзара әрекеттестігі туралы мәлімет берілді.

АХҚО Басқарушысы ҚР Парламентінің жоғарғы палата өкілдерін 2018 жылы 5 шілде күні АХҚО-ның халықаралық тұсаукесері аясында жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті.

Шараның соңына қарай «Сұрақ-жауап» сессиясы өткізіліп, депутаттардың қойылған сұрақтарына толық ақпарат берілді.

Анықтама ретінде:

АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет ағылшын құқығының қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығының ресми тілі – ағылшын тілі болады.

 АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

 

 

Бөлісу