Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2018 жылғы 1 наурызда өткен ҚР Парламенті Сенатының отырысындағы Заң жобасын қолдау туралы сөзі

02.03.2018 0

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» 

ҚР Заң жобасы бойынша 

 

Құрметті төраға,

құрметті әріптестер мен шақырылғандар!

Бүгін қаралып отырған заң жобасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы Хаттаманы ратификациялау мақсатында әзірленді.

Хаттаманың негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір мүше-мемлекетіне кедендік кіріс баждарының сомаларын нормативтік бөлудегі өзгерістерді заңды түрде рәсімдеу.

Осы Хаттамамен Армения Республикасының, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының нормативтері өзгерген.
Заң жобасын қабылдау Евразиялық экономикалық одақтың шеңберінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.
Аталған заң жобасымен ұсынылып отырған Хаттама экономикадағы интеграциялық процесстерді дамытуға және қатысушы-мемлекеттердің арасында өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастарды бекітуге жағдай жасайды.

Құрметті әріптестер, жоғарыда айтылғандардың негізінде, сіздерді осы Заң жобасын мақұлдауға шақырамын.       

Назарларыңызға рақмет!

 

 

Бөлісу