Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Комитет хатшысы Ерік Сұлтанов «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы бойынша Сенатының жалпы отырысында мәселе көтерді

25.02.2021 0

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Менің сұрағым Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлына жолданады.

Қазіргі халықаралық жағдай ғаламдық тұрақсыздықтың күшеюімен сипатталады.

Мұндай жағдайларда біздің еліміздің мүдделерін қорғайтын шешімдер қабылдаудың жеделдігі бірінші кезекті басымдыққа айналады.

Ұсынылып отырған Заң жобасында орталық мемлекеттік органдарының атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданылуын тоқтатулы тура сыныстарды Сыртқы істер министрлігі қарайды.

Осыған байланысты, менің келесі сұрақтарым бар.

Бірінші, бұл құзыреттің жүзеге асырылу механизмі қандай?

Екінші, мұндай қорытынды берудің мерзімі қандай?

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу