Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Комитет хатшысы Ерік Сұлтанов «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

04.03.2021 0

Құрметті әріптестер!

 

Заң жобасы сотталған адамдарды беру мәселелерінде Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

Бүгінде біздің республикамыз осы бағытта көптеген елдермен өзара
іс-қимыл жасайды.

Шартты ратификациялау, бірінші кезекте, сотталған адамдарды беру саласындағы құқықтық негіздерді қалыптастырады.

Бұдан басқа, берілген адамдардың өздерінің азаматтық сәйкестілігі қоғамда әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайлар жасалатын болады.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Құрметті әріптестер, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Заң жобасын қолдап, ескертпелерсіз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу