Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Комитет хатшысы Ерік Сұлтанов «Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндама жасады

01.04.2021 0

Құрметті Мәулен Сағатханұлы,

құрметті депутаттар, қатысушылар!


Қаралып отырған Заң жобасы мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды таратудың бірыңғай қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.

Келісімнің негізгі қағидаты мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды стандарттау жөніндегі ұлттық органдарға немесе олар уәкілеттік берген ұйымдарға таратуға айрықша құқықты бекіту болып табылады.

Құжаттарды тарату шарттары стандарттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес әзірлейтін тәртіппен және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің бекітілген шешімімен айқындалады.

Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Әрбір Тарап өз қалауы бойынша одан шығуға құқылы.

Қазақстан Республикасының Келісім жобасына қатысуы ел үшін теріс әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Керісінше, Қазақстанның экономикалық дамуы мен әлемдік экономикаға интеграциялануы үшін қолайлы жағдайлар жасалатын болады.

Ұсынылған Заңының жобасы өзекті және уақтылы болып табылады.

Сенаттың тұрақты комитеттерінің осы заң жобасы бойынша ескертулері мен ұсыныстары жоқ.

Құрметті әріптестер, баяндалғанды ескере отырып, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 4-тармағына сәйкес қабылдауды ұсынады.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу