Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Комитет хатшысы Ерік Сұлтанов Сенаттың жалпы отырысының II оқылымында қосымша баяндама жасады

27.05.2021 0

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті депутаттар, отырысқа қатысушылар! 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы кейбір заңнамалық актілерді бүгінгі күні қабылданған «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Заңға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Қаралып отырған заң жобасы Кәсіпкерлік Кодекске және 6 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Заң жобасын қарау шеңберінде жұмыс тобының бес отырысымен қатар, Комитеттің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Заң жобасымен жұмыс барысында, келіп түскен барлық ескертулер мен ұсыныстар егжей-тегжейлі қаралып, мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерімен талқыланып, нәтижелері бойынша түзетулер бастамашылар тарапынан алынып тастады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясы бабының 4-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
» заң жобасын қабылдауды ұсынамыз.

Назарларыңызға рақмет!

Бөлісу