Нұрлан
Құдиярұлы
Шымкент қаласынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары
комитетінің төрағасы
Туған жылы: 1964 жылы 12 маусым
Туған жері: Шымкент қаласы
Ұлты: қазақ
Білімі – жоғары
Мамандығы: Инженер - құрылысшы; Инженер - экономист; Экономист - қаржыгер; Заңгер.
Отбасылық жағдайы: үйленген, төрт перзент және немерелер тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолы:
1984-1992 жылдары облыстық спорт басқармасының Қажымұқан атындағы Орталық стадионында әдіскер, инженер, бас инженер, директордың орынбасары, директоры (Шымкент қаласы).
1992-1996 жылдары облыстық несиелер және инвестицияларды сақтандыру басқарманың бастығы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік сақтандыру мекемесінің бас директорының бірінші орынбасары.
1996-2003 жылдары «Сенім» ЖАҚ, «Санур» ЖШС, «Трансойл» АҚ филиалы директорының орынбасары, вице-президенті.
1999-2018 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының II, III, IV, V, VІ шақырылымдарының депутаты болып сайланды.
2003-2011 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының тексеру комиссиясының екі шақырылымының төрағасы.
2011-2018 жылдары Шымкент қалалық мәслихатының үш шақырылымның хатшысы.
2018 және 2023 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып екі рет сайланды.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы.
2023 жылдың қыркүйек айынан Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің Төрағасы.
Басқа да лауазымдары:
— Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі;
— Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің мүшесі;
— Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасының орынбасары;
— Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Республика кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның тең төрағасы;
— Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі;
— Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы;
— Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі;
— Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның (конституциялық комиссия) мүшесі;
— Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі;
— «Аманат» партиясының мүшесі.
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, құрметті атақтары:
– Қазақстан Республикасының III дәрежелі «Барыс ордені» ;
– Қазақстан Республикасының «Парасат ордені»;
– Қазақстан Республикасының «Құрмет ордені»;
– ТМД ПАА «Достастық» ордені;
– «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі;
– «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі;
– «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
– «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
– «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі;
– «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі;
– «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі;
–«Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерейтойлық медалі;
– «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 30 жыл» мерейтойлық медалі;
– «Сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі;
– «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі;
– «Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі;
– «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі;
– «Парламентік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» ТМД ПА медалі;
– Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясының «Құрмет грамотасы»;
– Шымкент қаласының құрметті азаматы;
– Қазақстан Республикасының Құрметті заңгері;
– Қазақстан Республикасының мәслихаттарының құрметті депутаты.