Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаты Н.Қ. Бекназаровтың басшылығымен “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заң жобасын талқылау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

08.09.2019 0

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Сенат Парламентінің Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы Заң жобасы бойынша Комитет мүшесі Бекназаров Н.К. жетекшілігіменен жұмыс тобының отырысы өтті.

Құзырлы мемлекеттік органдар, Сенаттың құқықтық сараптама және Комитетпен өзара байланыс бөлімі, заңды жобалаушылар өкілдерінің қатысуымен Заң жобасына қатысты қызу талқылау болды.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметке бірінші басшыны тағайындау кезінде орталық құзырлы органдармен келісу, полиция департаментінің басшысын Ішкі істер министрінің өзі тағайындауы, нормативтік құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты сараптамадан өткізу және т.б. күрделі мәселелер қаралып, келесі жұмыс тобының отырысына дейін зерделеу қажет деп шешті.   

 

Бөлісу