Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

13-21 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА СЕНАТ ДЕПУТАТЫ Н.БЕКНАЗАРОВТЫҢ ӨҢІРГЕ ЖАСАҒАН САПАРЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ АҚПАРАТ

22.10.2018 0

Қазақстан Республикасының Президенті Ә.Назарбаевтың

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша ҚР Парламенті Сенаты депутаты Н.Бекназаровтың Шымкент қаласы тұрғындарымен кездесуі туралы мәлімет

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша Шымкент қаласында төрт жиында  алдын-ала белгіленген кестеге сәйкес өткізілді.

         Шымкент қаласы Әл-Фараби әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Жастар орталығының акт залында, Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының мәжіліс залында, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының мәжіліс залында өткізілген жиындарға қала әкімдігінің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, қалалық мәслихат депутаттарының, басқарма басшыларының, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының, этномәдени орталықтарының, ардагерлер, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, жоғарғы және орта оқу орындарының басшыларының, мектеп директорлары мен бала бақша меңгерушілерінің, жастардың, медицина саласының қызметкерлерінің және қала тұрғындарының қатысуымен өткізілді. Жалпы жиынға 800-ге жуық адам қатысты.

Аталған жиындарда ҚР Парламенті Сенат депутаты Н.Бекназаров Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын мәнді де мағыналы етіп, халыққа түсіндіріп берді. Елбасының Жолдауын Шымкент қаласында жүзеге асыру бойынша сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда ҚР Парламенті Сенатының,                ҚР Үкіметінің қарауына енгізуге дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған Шымкент қаласының Құрметті азаматы, Еңбек ардагері Медеуов Шерім Медеуұлы                          ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ардагерлер және зиялы қауым өкілдері толығымен қолдайтынын, Жолдаудағы айтылған жағымды жаңалықтарды жастарға айтып жеткізіп, түсіндіру біздің ағалық міндетіміз деп ерекше атап өтті.

        Жастармен болған кездесуде жас буын өкілдері Елбасының Жолдауындағы келесі жыл «Жастар жылы» деп аталатынын естіп, қызу қолдап, өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

         Медицина қызметкерлері де ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы жағымды жаңалықтарды естіп, мәселен жалақылары өсетініне және медицина саласына көп көңіл бөліп отырғанын қуанышпен қарсы алғандарын айтты.

         «Нұр Отан» партиясында өткен жиында Партия Төрағасы,             ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлын Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын толығымен қолдап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқандығы мәлім болды.

         Қорыта айтар болсақ, Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша өткізілген жиындардың барлығында қала тұрғындары Елбасына Шымкент қаласына республикалық статус алып бергеніне және Жолдаудағы айтылған жақсы жаңалықтардың барлығына үлкен ризашылықтарын білдіріп жатқандығының және көңілдері өте көтеріңкі екенінің куәсі болдық.

 

 

 

Бөлісу