Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатның депутаты Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров Шымкент қаласының әлеуметтік осал топтарын қабылдады.

21.05.2019 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатның депутаты Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров Шымкент қаласының әлеуметтік осал топтарын қабылдады.

 

         Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров  мәселелері жергілікті деңгейде шешілмеуіне байланысты Сенат басшылығымен кездесуге талап қойып келген Шымент қаласының азаматшаларын қабылдады. Қабылдауға 10 азаматша (мүгедек, әлеуметтік жағдайы төмен, жалғыз асыраушы, көп балалы аналар) қатыстып, көкейінде жүрген сұрақтарын Сенаторға жеткізді. Келелі кездесу барысында көтерілген мәселенің басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз етуге,  әлеуметтік көмекті алуға, асыраушысындағы мүгедек балдарының жағдайын жасауға, жұмысқа орналасуға, несие төлеу барысында жеңілдік беруге қатысты болды. Депутат әр азаматшаны жіті тыңдап, арыздары бойынша заң аясында жауап беріп, кейбір сауалдар бойынша қабылдау барысында құзырлы органдардың басшыларына тікелей хабарласып арызданушы алты азаматшаның мәселелерінің оң шешімін табуға септігін тигізді, сондай-ақ  қалған азаматшалардың арыз-шағымдарына байланысты өтініштерін мемлекеттік органдарға жіберілетіндігі туралы және әр меселені депутаттың жеке бақылауында болатынын жеткізді.   

 

 

 

 

Бөлісу