Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған "Президенттік институт: Қазақстандық модель" атты халықаралық парламенттік конференцияға қатысты.

27.11.2019 0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың күніне орай ұйымдастырылған "Президенттік институт: Қазақстандық модель" атты халықаралық парламенттік конференцияға Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Нұрлан Бекназаров қатысты.

Конференция жұмысына Сенат пен Мәжіліс депутаттары, сондай-ақ,
Әзербайжан, Болгария, Қырғызстан, Монғолия, Сербия, Татарстан, Түркия елдерінің парламент өкілдері, БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, ТүркПА, ҰҚШҰ халықаралық ұйымдар мүшелері, АҚШ, Швеция басқа да шетелдік сарапшылар
келген.

Конференция барысында сөз алған Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мухаметшин, Болгария Республикасы Халық Жиналысы Төрағасының орынбасары Веселин Марешки, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші Төрағасының орынбасары Аида Касымалиева, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысы Төрағасының орынбасары Левент Гёк, Атлант Кеңесінің жетекші сарапшысы Ариэль Коэн Қазақстанның Тұңғыш Президентінің туған елін өркендету мен халықаралық қауымдастық деңгейіндегі теңдессіз рөліне тоқталды.

Сенатор Н. Бекназаров конференция барысында телеарналарға осы тақырыпта сұхбат беріп, сұрақтарға жауап берді.

Бөлісу