Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобаларын талқылау бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

14.10.2019 0

Құрметті әріптестер және

шақырылған лауазым иелері!

 Бүгінгі Комитеттің күн тәртібіне енгізілген «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы, баяндамашы атап өткендей, Елбасының «Нұр отан» партиясының XVIII съезсъезінде және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында қойылған бірқатар тапсырмаларды орындауға байланысты әзірленген.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалык даму болжамының 2019 жылға арналған көрсеткіштері агымдағы жылғы сәуірде түзетілген болжам деңгейінде сақталып отыр. Заң жобасына сәйкес,  2019 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған 94,9 млрд. теңгеге ұлғайту көзделген, олар:

- қаңтар-қыркүйек айларында түсімдер фактісі бойынша есептеулерді нақтылау – 24,6 миллиард теңге;

- республикалық меншіктегі акциялардан мемлекет пактіне девиденттердің түсімі – 50 миллиард теңге;

- жоспарланбаған әкімшілік айыппұлдардың түсімі – 20,3 миллиард теңге.

Нақтыланған республикалық бюджеттің шығыстарын келесі жобаларға бағыттау көзделеді.

- әлеуметтік салада атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатының өзгеруіне байланысты 36,8 млрд. теңге;

- денсаулық сақтау саласында 12,1 млрд. теңге;

- «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» салымшыларға алдын-ала және аралық тұрғын үй заемдарын беруге 14 миллиард теңге, сондай-ақ, салымшыларға түрғын үй салымдар бойынша сыйлықақылар төлеуге 3 миллиард теңге.

Сондай-ақ, жолаушылар вагондары паркін, санитариялық техниканы жаңартуды және машина жасау саласының жобаларын қаржыландыруға; мамандандырылған әуе кемелері авиапаркін дамыту және оны толықтыру жөніндегі міндеттерге бағытталған.

Бұдан басқа, заң жобасында жекелеген мемлекеттік органдардың қайта ұйымдастырылуы ескеріле отырып шығыстарды түзету, бюджет қаражатының үнемделуі және ағымдағы жылдың 9 айындағы атқарылу қорытындылары ескеріліп, қаражатты өңірлер мен бюджеттік бағдарламалар арасында азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға, жылу энергетикасы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақүрылым құрылысына кайта бөлу жасалды.

Осылайша, түсімдер 10,7 триллион теңгені, шығыстар 12 триллион 28 миллиард теңгені, тапшылық 1,4 триллион теңгені кұрайды.

Баяндалғанның негізінде, заң жобасын қолдап, бас комитетке ескертпесіз жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу