Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, бірқатар заң жобаларын талқылады.

11.10.2022 0

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізіп, бірқатар заң жобаларын талқылады.

Олардың қатарында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бар.

Бірінші заң жобасымен еліміздің Конституциялық 8 заңына түзету енгізу көзделіп отыр. Оның ішінде «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және басқалары бар.

Екінші құжат сайлау жүйесін одан әрі жетілдіру, заң шығару процесін нормативтік құқықтық реттеуді дамыту, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін күшейту, салалық заңдардың ережесін Конституцияның баптарымен сәйкестендіру үшін әзірленген болатын. Мұнда 15 кодекс пен 46 заңға өзгерістер енгізу ұсынылып отыр.

Депутаттар отырыс барысында прокуратураның, конституциялық соттың және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін жетілдіруге қатысты заң жобаларын да талқылады. Олар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген болатын. «Прокуратура туралы» және «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобалары Конституциялық заңдар мәртебесіне ие болады.

Сенаторлар сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарады. Құжат Конституциялық сотты құрметтемегені үшін және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеуге бағытталған. Сондай-ақ сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын онлайн-тұғырнама арқылы бұзғаны үшін де әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

Комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша аталған заң жобаларын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Бөлісу