Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңының жобасы

25.01.2022 352

Заң жобаларының мақсаты биліктің өкілді тармағына әйелдердің, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың қатысуын қамтамасыз ету және олардың пікірін ескеру, оларды мемлекет өмірінде белсенді жұмысқа тарту болып табылады.

Бұл тәсіл қоғамдағы әлеуметтік теңгерімсіздікті жоюға бағытталған және қазіргі заманғы сұраныстарға жауап береді. Мұндай жағдайларда биліктің өкілді органдарын қалыптастырудың құқықтық тетіктерін жетілдіру неғұрлым өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуде азаматтардың барынша ауқымды санатының пікірін ескеруге мүмкіндік береді.

Заң жобалары келесі бағыттарға:

- депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квотаны міндетті есепке алу туралы норманы заңнамалық тұрғыда бекітуге;

- мүгедектігі бар адамдар үшін квота белгілей отырып, әйелдер мен жастардан басқа, квоталанатын азаматтар санаттарының тізбесін кеңейтуге бағытталған.

Ұсынылып отырған заң жобаларын қабылдау қандай да бір теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлардың туындауына әкеп соқпайды.

Керісінше, ұсынылған нормаларды қабылдау:

1) қоғамның құқықтық және саяси мәдениетінің деңгейін арттыруға;

2) әр түрлі кандидаттарды ұсыну арқылы сайлау бағдарламаларын әртараптандыруға (әртүрлілікті арттыру мақсатында өзгертуге);

3) әйелдерді, жастарды және мүгедек адамдарды олардың азаматтық ұстанымдарын көрсету үшін белсенді тартуға;

4) әлеуметтік-экономикалық, құқықтық проблемаларды жан-жақты қарауға және шешуге;

5) қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына әкеледі.

ПӘ (ІСБ) ескертулерін ескере отырып, заң жобалары мәслихаттарға квотаның таралуын болдырмау арқылы пысықталды.
Бөлісу