Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасы

17.05.2022 309

Келісімге 2021 жылғы 7 желтоқсанда Жоғарғы Бас қолбасшының тапсырмасын, Қырғызстан тарапының әскери-техникалық көмек көрсету туралы сұрау салуын іске асыру мақсатында қол қойылды.

Келісім әскери мүлікті біржолғы беруді көздейді, оның атауы мен көлемі дипломатиялық арна арқылы келісілді.

Қазақстан тарапы мүлікті Қырғыз Республикасының Қой-таш елді мекеніне дейін автомобильмен жеткізеді, шығысты өзі көтереді.

Қырғызстан тарапы алған мүлікті тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдаланады, үшінші тарапқа бермейді, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге қарсы пайдаланбайды.

Орталық Азия өңіріне іргелес аумақтағы шиеленісті жағдайда және өңірлік қауіпсіздікке сын-қатер өршіген кезде әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан Қарулы Күштерінің оған тойтарыс беруіне, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Заң жобасын қабылдау бюджеттен қосымша қаражатты қажет етпейді, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді.
Бөлісу