Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы

21.06.2022 312

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың азаматтық қоғамды қолдауға бағытталған тапсырмаларын орындау үшін «Қазақстан  Республикасының  кейбір   заңнамалық  актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс,  стратегиялық әріптестікті  іске асыруға  арналған мемлекеттік  тапсырыс,  үкіметтік  емес  ұйымдарға арналған гранттар  мен    сыйлықақылар,   дәрілік  қамтамасыз   ету және әлеуметтік   қамсыздандыру   мәселелері  бойынша өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді (бұдан әрі-заң жобасы).

Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерін жетілдіруге бағытталған және волонтерлік қызмет, қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау саласындағы қоғамдық қатынастарды неғұрлым тиімді реттеуге алып келеді.

Ұсынылған заңнамалық түзетулер көрсетілген салаларды реттеуге емес, қайырымдылықты, волонтерлікті және үкіметтік емес секторды ынталандыру мен дамытуға бағытталғанын атап өту қажет.

Заң жобасында қайырымдылық пен волонтерлікті ынталандырудың қаржылық емес шараларын енгізу (қайырымдылық саласында мемлекеттік награда, құрметті атақ беру, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру), сондай-ақ бар құқықтық олқылықтарды жою ұсынылады.

Гранттық қаржыландыру жүйесін саралау (градуирленген гранттар жүйесін енгізу; өзекті бағыттар бойынша гранттарды пулдармен жоспарлау; гранттардың тиімділігін бағалау).

Сондай - ақ, мемлекеттің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылының жаңа тетігін-стратегиялық әріптестікті енгізу ұсынылады.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта БАҚ қызметкерлеріне зейнетақы және әлеуметтік төлемдер алумен байланысты проблема туындап отыр, ол қоғамдық резонанс тудырады. Қоғамдық резонансты нивелирлеу шеңберінде депутаттар «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңдарға әлеуметтік аударымдар ставкасына «0» түзету коэффициентін қолдану кезеңін есепке алуды көздейтін түзетулерге бастамашылық жасады.

Сондай-ақ, заң жобасында Денсаулық сақтау саласындағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру бөлігінде түзетулер көзделген. Халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажеттілігін назарға ала отырып, бұл түзетулер шұғыл сипатқа ие және әлемдегі тұрақсыз геосаяси жағдайға байланысты.
Бөлісу