Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (29.06.2022 Мәжіліс мақұлдағанға дейінгі тақырыбы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»)" ҚР Заң жобасы

06.09.2022 307

Заң жобасы келесі негізгі өзгерістер мен толықтыруларды көздейді:

Тұжырымдамалық аппараттағы терминдер Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімге сәйкес келтірілуде.

Бұл, Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу кезінде келісілген (үйлестірілген) агроөнеркәсіптік саясатты іске асыруға мүмкіндік береді.

10-бапта Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығының жүйесі республикалық палаталар, бонитерлер, ұрықтандырушы техниктер, эмбриондарды транспланттау жөніндегі мамандар, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалармен толықтырылады.

Елімізде мал шаруашылығында оң өзгерістерге жету үшін өсіріп отырған мал тұқымдарының генетикалық әлеует деңгейін көтеру және республикада мал өнімділігі деңгейін жоғарылату мен мал басы санының өсу қарқынын жеделдету бойынша селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді жетілдіру қажет.

Қолданыстағы малдың генетикалық әлеуетін жоғарылату бойынша әдістер мен тәсілдер, осы уақытқа дейін біз күткендегідей нәтижеге қол жеткізбеді, осыған байланысты, уәкілетті органның 13-бабы келесі құзыреттермен толықтырылады:

- жануарларды индекстік бағалау қағидаларын даярлау және бекіту.

Индекстік бағалауды енгізу мал иесіне жануардың пайдалы белгілерін дамытуға қажет. Мысалы, етті мал шаруашылығында төлдің туылғандағы және енесінен айырғандағы тірілей салмағы, ал сүтті мал шаруашылығында төлдеудің жеңілдігі және т.б;

- жануарларға молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын даярлау және бекіту.

Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу асыл тұқымды малдың шығу тегін нақты аңықтауға ақпарат береді;

- геномдық бағалау жүргізу қағидаларын даярлау және бекіту.

Геномдық бағалауды енгізу малдың асыл тұқымдылығын ерте жаста аңықтауға, жануарларды күтіп бағу шығындарын азайтуға, аталықтарды сұрыптау қарқынын жоғарлату арқылы бағалауға ең мықтыларын қоюға, әрбір тұқым бойынша тиімділікті және генетикалық прогрессті арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасының 16-5 бабында ауыл шаруашылығы бейiнiндегi ғылыми-зерттеу ұйымдарының құзіреттерін күшейту қарастырылады. Аталған ұйымдар уәкілетті органмен бірлесіп жаңа нормативтік-құқықтық актілерді даярлауға және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ақпараттық жүйелердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуге қатысатын болады.

Сонымен бірге, жаңа 21-1 «Молекулярлық генетикалық сараптама» бабы қарастырылуда. Аталған бапта молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу кезіндегі негізгі ережелер, тапсырыс берушінің (мал иесі) және мамандандырылған зертхананың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Одан басқа молекулярлық генетикалық сараптаманың орындаушыларын заңды негізде бекіту үшін, «мамандандырылған зертхана» деген жаңа ұғым енгізілуде.

Одан басқа, Заң жобасының 28-3-бабында асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы республикалық палаталардың қызметтерін реттеу мақсатында Заң жобасымен республикалық палаталардың құзіреттері нақтыланады және кеңейтілуде. Мәселен, республикалық палата мүшелерін шақыру, республикалық палата мүшелерінің кезектен тыс жиналысын өткізуге жинау және республикалық палата төрағасының өкілеттік мерзімдері заң негізінде анықталынады.

Республикалық палатаның атқарушы органына асыл тұқымды малдардың реестрін жүргізу және оның мәліметтерін асыл тұқымды малдардың республикалық реестріне қосу үшін уәкілетті органға ұсыну мүмкіндігі беріледі.

Заң жобасының жаңашылдығынын бірі асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында профилактикалық бақылау жүргізудің ерекшеліктерін регламенттеу болып табылады (ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес).

Мемлекеттік бақылаудын бұл түрі субъектіге (объектіге) бармай-ақ бұзушылықтарды уақытылы болдырмауға және жол бермеуге мүмкіндік береді және ең бастысы бақылау субъектілеріне өз бетінше уәкілетті орган аңықтаған бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік жасайды.

Заң жобасының тағы бір жаңашылдығы асыл тұқымды орталықтарға ұрық сатып алу мүмкіндігін беру болып табылады. Ол қажетті генотиптегі аталықтарды алу үшін тапсырыс бойынша шағылыстыру жұмыстары мақсатында пайдаланатын болады.

Одан басқа, республикалық палаталардың ұсыныстары бойынша және жануарлардың тұқымдық және өнімділік қаситеттерін жақсарту мақсатында Заң жобасымен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жаңадан алынған ұрық және эмбриондарды пайдалануға мүмкіндік берілуде.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп «екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара мал» түсінігінің жаңа редакциясы жазылды, оған сәйкес екінші санаттағы асыл тұқымды ірі қара малдың да асыл тұқымды күәліктерінде әкесі жағынын деректері мен қатар енесі жағынын деректерін де көрсету қарастырылады.

Аталған редакцияны қабылдау Еуразиялық одақ мемлекеттеріне мүше елдердің заңнамалық базасын унификациялау үшін маңызды.

 

Бөлісу