Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы

13.12.2022 309

Заң жобасы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобаларымен ұлттық парктерді және басқа да табиғи байлықтарды қорғау мақсатында келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді:

Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне заң нормалары:

- ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру, жер қойнауын өз бетінше пайдалану үшін жауаптылық деңгейін арттыруға;

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу, жердің бүлінуі, жер қойнауын өз бетінше пайдалану және ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау кезінде аса ауыр зардаптар үшін оларға сай келетін жауаптылықты белгілеуге;

        - төтенше экологиялық жағдай аймақтарында және экологиялық апат аймақтарында жерді бүлдіргені үшін тең мәнді құқықтық режимді бекітуге бағытталған.

Құрметті депутаттар, заң жобаларын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту туралы Заң жобасы қабылдануы ұлттық табиғи байлықтарды, бірегей экожүйелермен жануарлардың тіршілік ету ортасын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды сақтауға, пайдаланушыларды тәртіпке келтіруге, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада жер шарында  биологиялық әртүрлілікті сақтауға өте маңызды ықпал ететін болады.
Бөлісу