Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Конституциялық заңының жобасы

15.02.2023 305

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Мемлекет басшысының халқына Жолдауын орындау үшін мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға бағытталған жаңа әкімшілік реформа бойынша жұмыс жүргізілуде.

Орталықсыздандыру мақсатында мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажыратудың қағидаттары әзірленді:

- Үкіметтен орталық мемлекеттік органға, салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен реттелетін салаларда тиісті операторларды айқындау және басқа;

- орталық мемлекеттік органдардан ЖАО-ға мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі (ішінара);

- ЖАО-ның облыстық деңгейінен жергілікті деңгейге жергілікті халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жөніндегі (ішінара) өкілеттіктерді қайта бөлу ұсынылады. 

Сондай-ақ, Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру мақсатында заң деңгейіндегі өкілеттіктерді заңға тәуелді актілерде белгілеу және формалды сипаттағы өкілеттіктерді алып тастау ұсынылады.

Жоғарыда аталған қағидаттарды іске асыруға бағытталған Конституциялық заңның және заңның жобалары әзірленді.

Мәселен, Конституциялық заңның жобасында
3 Конституциялық заңға түзетулер енгізу көзделеді
(ҚР Парламенті, Үкімет және ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы).

Атап айтқанда:

- Премьер-Министр кеңсесін Үкімет аппаратына трансформациялауға байланысты нақтылайтын сипаттағы
3 түзету;

- инвестициялық саясатты жүзеге асыру және мәдениетті, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризмді және спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша Үкіметтің құзыретін алып тасталынатын 2 түзету (өкілеттіктер екінші заң жобасы шеңберінде орталық органдардың деңгейіне берілді);

- ҚР Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын дайындау, ауыстыру мен жою жөніндегі Үкіметтің өкілеттіктерін уәкілетті мемлекеттік органға (МСМ) беруге бағытталған 2 түзету.

Заң жобасымен 167 заңнамалық актіге, оның ішінде
13 Кодекске және 154 заңға түзетулер енгізу көзделеді.

513 функция мемлекеттік басқару деңгейлері арасында қайта бөлінеді және 135 функция алып тасталады.

Осылайша,Үкімет деңгейінен Орталық мемлекеттік органдарға 487 функция беріледі, оның ішінде:

- мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша;

- тиісті операторларды, ұйымдар мен заңды тұлғаларды анықтау бойынша;

- Консультативтік кеңестік органдарды құру бойынша;

- реттелетін салаларда НҚА бекіту бойынша;

- басқа да функциялар.

Орталық мемлекеттік органдардың арасында
2 функция қайта бөлінеді.

Анықтама:

- медициналық дәрі қобдишалары құрамында ҚР аумағынан әкетілуі мүмкін әскери қызметшілер пайдаланатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін (ДСМ-мен келісім бойынша тиісті күш органдарына ҚМ-дан);

- тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша мемлекет сыйлықақыларын есептеу және төлеу ережесін бекіту бойынша (Қаржыминінен ИИДМ-ге).

Орталық мемлекеттік органдардан ЖАО-ға 24 функция.

Бұл денсаулық сақтау, ветеринария, көлік, жастар саясаты және мәдениет салаларында жергілікті халықтың
тіршілік әрекетін қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөніндегі функциялар.

Бұдан басқа, мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту шеңберінде заң деңгейінде функцияларды шамадан тыс регламенттеу бөлігінде
377 функция, оның ішінде:

- мемлекеттік органдардың тиісті ережелері деңгейінде бекіту арқылы 242 функция;

- Үкіметтің 132 функциясы және Парламенттің
3 функциясы,
олардың формалды регламенттелгеніне байланысты алынып тасталады.

Анықтама:

- тиісті уәкілетті органды айқындау;

- халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

- Конституциямен, өзге де заңдармен және ҚР Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау.

Парламент пен депутаттардың қызметі мен мәртебесі Конституциямен және «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен регламенттелгенін ескере отырып, «АӨК және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңда мынадай шамадан тыс регламенттелген функциялар алып тасталады:

- қоғамдық қатынастарды реттеу жөнінде заңдарды қабылдау;

- республикалық бюджетті бекіту;

- Үкіметі мен ЖАП есептерін бекіту туралы.

Конституциялық заң жобасы мен заң жобасын қабылдау мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудағы кезекті қадам болады.

Жобалар мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру бойынша жүргізіліп жатқан саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бөлісу