Нұртөре Жүсіп «Халықаралық «Qazaq tili» қоғамы» құрылтайына қатысты
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп «Халықаралық «Qazaq tili» қоғамы» құрылтайына қатысып, онда ұйымның 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылды.
Сенатор өз сөзінде қазақ тілін дамытудағы және мәдени бірегейлікті нығайтудағы өткен жылдың нәтижелерін атап өтті.
«2025 жыл - қазақ тілі мемлекеттік және қоғамдық деңгейде ерекше назарға ие болған кезең. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін дамыту - ең маңызды ұлттық басымдықтардың бірі екенін атап көрсетеді. Оның уақыт өте келе қазақ тілі ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналады деген ұстанымы ел болашағының стратегиялық пайымын көрсетеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы тілді ғылымға, бизнеске, технологияларға, медиа мен цифрлық ортаға біріктіру қажеттігін айтады. Тіл тек рәміз ғана емес, қарым-қатынастың, шығармашылықтың және кәсіби дамудың толыққанды құралы болуы тиіс», - деді Нұртөре Жүсіп.
Ол «Qazaq tili» халықаралық қоғамының қызметі осы міндеттерді іс жүзінде іске асырудың бір мысалына айналғанын атап өтті.
«Qazaq tili» медиа-кеңістікте қазақ тілін насихаттауға, заманауи білім беру материалдарын, онлайн-ресурстарды және цифрлық өнімдерді дамытуға елеулі үлес қосуда. Іске асырылып жатқан жобалар заман талабына сай және Президент белгілеген бағытты қолдайды. Ұйымның қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде ілгерілету арқылы көптүрлілікке ашықтық пен құрмет көрсете отырып, заманауи тілді, ғылым, технология, мәдени диалог және халық бірлігінің тілін қалыптастыруы да маңызды», - деп атап өтті сенатор.
Іс-шара ұйымның келесі жылға арналған жоспарларын және қазақ тілінің өмірдің түрлі салаларындағы позициясын нығайту бойынша одан әрі қадамдарын талқылаумен аяқталды.