Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Президенттің мәдениет саласындағы әлеуметтік саясаты: сенатор филармония ұжымымен кездесті

09.01.2026 308

Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Алматыға жұмыс сапары барысында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында болды. Ол мекеме басшылығымен және ұжымымен кездесу өткізді, жұмыс жағдайымен және материалдық-техникалық базамен танысты.

Президенттің таяудағы сұхбатында Қазақстан әлеуметтік мемлекет екендігі және барлық міндеттемелер, оның ішінде мәдениет, ғылым және білім салаларындағы көзделген межелер толық көлемде орындалатыны айтылды. Мемлекет басшысы мәдениеттің қоғамдық даму мен ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі маңызына да тоқталды. Ол филармония ұжымымен кездесу барысында өткен талқылауларда кеңінен көрініс тапты.

«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы еліміздің жетекші мәдени мекемесінің бірі болып табылады және ұлттық музыка өнерін сақтау мен дамытуда, сондай-ақ қоғамның мәдени өмірінде маңызды рөл атқарады», - деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат шығармашылық ұжымдарды жүйелі түрде қолдауға және сала қызметкерлерінің кәсіби қызметі үшін жағдай жасауға бағытталғанын айтты.

Депутат сондай-ақ Сенаттың мәдениет саласындағы заң шығару қызметі туралы ұжымды хабардар етті.

«Қабылданған заңнамалық өзгерістер мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін кеңейтуге, еңбекақы деңгейін кезең-кезеңімен арттыруға, мекемелердің инфрақұрылымын жаңғыртуға және саланың кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған», - деді сенатор.

Филармония басшылығы мен қызметкерлері кездесу барысында мекеме қызметінің мәселелеріне назар аударғаны үшін депутатқа алғыс білдірді және осы кезге дейін парламент өкілдері филармонияға келмегенін жеткізді. Олардың айтуынша, мұндай кездесулер ашық пікірлесу үшін маңызды және заң шығарушыларға өзекті мәселелерді жеткізуге мүмкіндік береді.

Нұртөре Жүсіп кездесу соңында мәдениет мекемелері мен сала қызметкерлерін қолдау мәселелері Парламент қызметіндегі басым бағыттың қатарында екенін атап өтті.

Бөлісу